Қоғам

Еңбек ардагерлерін Жаңа жыл мерекесімен құттықтады

Кейуана меймандарды төрге шығарып, қысқаша өмірбаянын әңгімелеп берді. Жас кезінде мәденит үйінде, мектепте жұмыс істей жүріп, алты баласын жалғыз өзі өсіріп, аяқтандырған екен.

Рысты Ахмедьярова – зейнеткер, «Күміс алқа» иегері:


– Біз сияқты зейнеткерлер үшін азық-түлік пакеттері үлкен демеу. Ардагерлердің атынан компания басшылығына осыншалықты қамқорлықтары үшін шынайы ризашылығымды білдіремін.

Осы күні жетекші партияның мүшелері Нашраф Гафированың үйінде болды. Әжейдің өмірі оңай болмапты. Үй ішіне көмектесу үшін 15 жасынан еңбекке араласқан. Қолынан келген істің бәрін жасаған. Жалпы бұл күні нұротандықтар 15 адамның қал-жағдайын білді.

Кеңес Мұқышев – «Нұр Отан» партиясы Петропавл қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

– Біз қарт адамдарға азық-түлік апарып бердік. Барлығымен отырып әңгімелестік, қал-жағдайларын сұрадық. Самайын ақ шалған бұл жандар кезінде өңіріміздің дамуына үлес қосқан. Сондықтан, оларды назардан тыс қалдырмай, үнемі бақылауымызда ұстаймыз.

Жаңа жыл алдындағы қайырымдылық акциясын нұротандықтар
«СҚО Автокөлiк одағы» қауымдастығымен бірлесіп ұйымдастырыпты.

Айсулу Сергали