МТРА жаңалықтары

СҚО көліктерді утилизациялау пилоттық жобасы арқылы 150-ге жуық машина қабылданған

Артур Риттер – қала тұрғыны:

– Менің көлігім ескі. Оның шығырылғанына 25 жылдан асты. Жуырда достарымнан тозған машиналарды утилизациялау пилоттық жобасы іске қосылғандығын естідім. Бүгін міне, қабылдау пунктіне келіп отырмын. Тиісті құжаттарды рәсімдедім. Енді, қалғаны көлікті өткізіп, орнына ақша алу.

Елімізде ескірген машиналарды утилизациялау пилоттық жобасы қараша айының 21-і күні басталды. Содан бері 2 мыңнан аса тозған көлік қабылдау пунктеріне өткізіліпті. Бұл бағдарламаның тиімділігін солтүстікқазақстандықтар да қолдайды.

Аманғали Темірбеков – Мамлютка қаласының тұрғыны:

– Мен арнайы Мамлбтка қаласынан келдім. Үйімде 1983 жылы шығарылған “Форт-гранта” көлігім бар. Соны осында әкеліп өткізбекшімін.

Айта кетейік, елімізде жаңадан шығарылған пилоттық бағдарламаның ережесіне сай машинаның салмағы 3 жарым тоннадан аспауы міндетті. Сонымен қатар, қабылдау пунктіне әкелінген темір тұлпардың барлық жабдықтары болуы тиіс. Сонда ғана автокөлік иесіне 150 мың теңге төленеді. Ал, егерде машинаның бір бөлшегі болмаса ол 48 мың теңгеге бағаланады. Соңғы 3 аптаның ішінде қаламыздағы қабылдау пунктіне 150-ге жуық көлік тапсырылған.

Орыстай Абдрахманов – СҚО бойынша “Оператор РОП” ЖШС өкілі:

– Біз өңірден жаңа жылға дейін 390 машинаны пилоттық жоба арқылы қабылдауымыз қажет. Көлікті тапсыру пунктіне келген азаматтың жеке куәлігі болуы міндетті.

Жалпы, жыл соңына дейін елімізде 10 мың көлік пилоттық жоба аясында өткізілмек. Теріскейде бір күнде 12 темір тұлпар автотұраққа қойылады екен.

– Бұл жерде көліктің сан түрі бар. Олардың құрастырылған жылдары әртүрлі. Мәселен, мына “ВАЗ-69” машинасы 1975 жылы шығарылыпты. Темір тұлпардың тозығы жеткендіктен иесі оны ынталандыру бағдарламасы арқылы өткізуді жөн санаған.

Қазақстанның әр қаласында тозығы жеткен машиналарды қабылдау пунктері жұмыс істейді. Петропавлда аталған көлік тұрағы Жамбыл көшесіндегі 249 мекен-жайда орналақан.

 

Култанов Байболат