Без категории

Тәуелсіздік күніне арналған арнайы шығарылым

Күннің суықтығына қарамастан адамдар мерекені шад-шадыман көңіл-күймен тойлауда. Тәуелсіздікке арналған шара таңғы сағат 10-нан басталды. Өңір өнерпаздары әнен шашу шашып, мерекенің көркін қыздырды.

Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның бүгінгі құдіретті күші ел бірлігінде, ұлттар татулығында жатыр. Қазақстан үшін ХХI ғасыр тарихының парағы парасат пен пайымға толы.

– Құрметті қазақстандықтар, тәуелсіздігіміз қайырлы-құтты болсын. Бәріңізге зор денсаулық, еңбекте жеміс тілеймін.

– Осындай бейбітшілікте, татулықта күн кешіп жатқан халықтар мен тұрақты мемлекетті басқа еш жерден көрмедім. Мен осы елдің азаматы болғаныма қуанамын.

Меркелік шараға өңір жетекшісі Ерік Сұлтанов қатысты. Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратының алдында Достық дастарханы жайылылып, оған түрлі ұлттық тағамдары қойылды.

Гүлбақша Мұсабаева – “Urpac” Қазақ мәдени-ағарту орталығының төрайымы:


– Әрқашанда халықтар арасында бірлік болсын. Өйткені, бірлік бар жерде тірлік бар. Тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктерімізді бағалай білейік.

Осы жерде тәжік ұлтының өкілдері 800 адамға арнап үлкен қазандарға толы палау пісіріпті.

Хабибулло Гадоев – “Сомониён Север” тәжік қоғамдық бірлестігінің мүшесі:

– Бәріміздің татулығымыз жараса берсін! Мен тәжік ұлтының атынан қазақстандықтарды тәуелсіздік мерекесімен құттықтаймын. Еліміз дамып, жылдан жылға халықтың әл-ауқаты көтеріле берсін. Біз бүгін мекенің жақсы өтуіне атсалысып жатырмыз. 800 адамға арнап палау пісіріп әкелдік. Басқа да ұлттық тағамдарымызды осы жерден татып көруге болады.

Мерекелік шара барысында оқу ағарту ісінің үздігі Жұмаш Сейітбекұлы жастарға батасын берді.

Жұмаш Сейітбекұлы – Оқу-ағарту ісінің үздігі:

– Сарыарқа төсінен орын тепкен астанамыз тамаша, ғажап. Ондай жұмыс әлем елдерінде 100 жылда болмаған ал біз жаңа астанамызда 25 жылда салдық. Әсем шаһар Елбасы н.назарбаевтың көрегенділігі мен білімділігінің арқасында тұрғызылды.

Орталық алаңда Петропавл тұрғындары мен қала қонақтарына ыстық тамақ тегін берілді. Осы күні кәсіпкерлер бір тонна тұшпара, сонша мөлшерде палау, 7,5 мың бауырсақ пісіріп әкеліпті. Адамдар бірін-бірі мерекемен құттықтап, тілектер білдірді.

– Ұлтымыз басқа болса да мақсатымыз, мүддеміз, болашағымыз бір. Ең алдымен бірлікті сақтау баршамыздың міндетіміз. Мен өзім білім саласының дамуына үлес қосып жүрген жандардың бірімін. 25 жылдың ішінде осы салада көп жақсы өзгерістер орын алды.

– Баршаңызға зор денсаулық, жанұяда бақыт тілеймін. Отанға деген сүйіспеншіліктеріңіз арта берсін. Кеше мен Елбасының салтанатты жиында халыққа айтқан сөзін естідім. Әсіресе зейнатақы 20 пайызға көтеріледі дегені мені қатты қуантты. Хылқының қамын жеген Елбасымыз Н.Назарбаев аман болсын. Ұлт көшбасшысы біреу ал біз оған тіреу боламыз.

Бүгін 14 жасқа дейінгі балалар үшін “Нептун” аквапаркінде кіру тегін болды. Сондай-ақ “Киндерлэнд” балалар орталығында балаларға 50 пайыздық жеңілдік ұсынылды.

***


Петропавлда бүгін тағы бір “Семейный” сауда нүктесі ашылуда. Жаңа нысан Спорт сарайына қарама қарсы орналасқан. Енді бағасы арзан түрлі тауар өнімдері ДСР шағын ауданының тұрғынадырына да қолжетімді. Күүнің суықтығына қарасмастан жиылған жұрттың қарасы көп.

Жаңа сауда үйі ашылады дегенді естіген тұрғындар теңертеңгі 9-дан жиыла бастаған. Бүгін олар үшін үлкен мереке. Себебі, қаланың бұл бөлігінде мұндай үлкен сауда орны әлі салынбаған. Әне-міне дегенше оларға жаңа нысанның есігі айқара ашылды. Асыққандардың жолы болып, алғашқы сатыпалушылар “Семейный” сауда орталығының сыйлықтарына ие болды.

Сауда орталығындағы сөрелерде 25 мың тауар аталымы жайғастырылған. Келушелір қант, макарон, ұн сынды өнімдердің бағасын өзге дүкендегілер мен салыстырып біршама арзан екенін айтып жатты. Сондай-ақ, дүкен ішінен найбайхана қоса ашылып отыр. Мұнда сатылатын нан, тоқаш өнімдері күнеделікті осы жерде әзірленеді.

Андрей Исаков, “Семейный” сауда желілерінің директоры:


– Бүгінгі Ел Тәуелсіздігі күні қарсаңында тұрғындар үшін тағы сауда нүктесін ашып отырмыз. Біздің елде кіші және орта бизнесті дамытуға барлық жағдай жасалған. Сондықтан өз ісімді әрі қарай да жандандыра беретін боламын. Бүгін ашылған бетте халық көп жиылып, тауарларды сатып алып жатыр. Сөрелерде тек сапалы, балғын өнімдер ғана тұратын болады.

Бұл – Петропавлда ашылып отырған “Семейный” сауда желісінің 6-ші нүктесі. Аумағы – 1500 шаршы метр. Бизнес иелері жаңа дүкенді ашу үшін 340 миллион теңгесін жұмсапты.

***

 

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерейтойында Қызылжар ауданына қарасты Прибрежное елді-мекенінде жұмыртқаларға арналған науа шығару цехы іске қосылды.
Ширек ғасыр ішінде аталмыш ауданда бизнес саласы алға басқан. 25 жыл ішінде кәсіпкерлік 2 есеге артыпты. Бұны Прибрежное селосының тұрғындарын айтулы мерекемен құттықтаға аудан әкімінің орынбасары Тілеубай Есжанов атап өтті.

2 мың шаршы метр аумақты алып жатқан цех сағатына жұмыртқаларға арналған 3 мың науа шығара алады. Жоба “Бизнестің жол картасы-2020” мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асып отыр. Кәсіпкер Ерғалым Нұрахметов цехты ашу үшін аспан асты еліне барып, тәжірибе алмасыпты. Кейін қытайлық қондырғыны сатып алып өз ісіне білек сыбана кіріскен. Науаларды жасау үшін макалатура сумен араластырылып, аппараттан өтеді. Бұдан соң 110 градусқа дейін қызатын пештің ішінде кептіріледі.

Ерғалым Нұрахметов – “Нұрахметов” ЖК директоры, Қызылжар ауданы:

– Бұл жобаның жалпы құны 80 млн теңге. Оның 60-ы өзімнің жеке қаржым. Ал 20 млнды “Бизнестің жол картасы-2020” мемлекеттік бағдарламасы аясында 4 жылға 6 пайыздық үстемеақымен несиеге алдым. Біз жылына 800 мың науа шығаруға қауқарлымыз.

Тың жобаны іске асырған Ерғалым Нұрахметов 20 адамды еңбекпен қамтып отыр. Жұмысшылардың орташа айлығы 50 мың теңге. Екі қолға бір күрек тапқандардың бірі Сәбит Байтусов. Оның негізгі міндеті кептіріліп шыққан науаларды пресстейді.

Сәбит Байтусов – “Нұрахметов” ЖК жұмысшы, Қызылжар ауданы:


–  Жұмысым жақсы. Өзіме ұнайды. Бұрынғы жерге қарағанда жалақысы жоғары. Ұжымдағы әріптестерімде жақсы адамдар. Барлығы ұнайды.

Айта кету қажет, ел бойынша бұндай кәсіпорындар төрт қалада бар. Әзірге цех қаңтар айына дейін тек өндіріспен айналысады. Кейін тауарды сатуға көшпек. Бір науаның құны 12 теңге. Кәсіпорын өңірдегі бірқатар құс фабрикаларымен келісімшарттар жасалыпты. Алдағы уақытта өндіріс көлемін арттырып, ел нарығына да шықпақ ниетте.