МТРА жаңалықтары

Елбасы жүктеген міндеттерге өңір ардагерлері үн қосты

Тілек Әбдірахманов – еңбек ардагері:

– Елбасы ауылшаруашылығы кооперацияларын құру керектігін айтты. Бұл өте дұрыс бастама. Себебі, қазір шағын шаруа қожалықтары өздері өндірген өнімдерін сата алмай әлек болып жатады. Енді бұндай бас аурулар туындамайды.

Салтанатты жиында Елбасы келер жылдан бастап зейнетақы 20 пайызға дейін өсетіндігін жеткізді. Бұл жаңалықты қуанышпен қабылдадық дейді құрметті еңбек демалысындағы Ұлсара Мусина. Кейуана көптеген мектептерде математика пәніне сабақ беріп, 24 жыл бұрын зейнетке шығыпты.

Ұлсара Мусина – зейнеткер:

– Зейнетақы келер жылы 20 пайызға өседі дегенде барлығымыз қол шапалақтадық. Өте қуанышты жаңалық. Еліміз көркейе берсін.

Көпті көрген қариялар еліміздің Тәуелсіздігі баянды болсын дейді. Тек ол үшін аянбай тер төгу қажеттігін айтты.

 

Риат Шони