МТРА жаңалықтары

Петропавлда “Арго” грузин этно-мәдени бірлестігі ашылды

“Арго” деп аталған жаңа құрылым өңір грузиндерінің басын қоспақ. Солтүстік Қазақстанда 89 түрлі ұлт пен ұлт өкілдері тұрады. Сондықтан, Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Наиль Салимов бұнымен тоқтап қалмай алдағы күндерде бұдан өзге де бірлестіктер ашылады деп атап кетті. Біздің өңірде 50-ге жуық грузин қоныстанған. Олардың барлығы тың игеру кезінде көшіп келген екен. “Арго” грузин этномәдени орталығының ашылуына Грузия жерінен де меймандар келді. Салтанатты жиын барысында биыл Облыстық ҚХА ұйымдастырған Шапағат, “Мың бала”, “Шаңырақ” сынды байқаулардың қорытындылары жарияланды.

Омари Харбедия, “Арго” грузин этномәдени орталығының төрағасы:

– 24 этномәдени орталықпен тәжірибе алмасып, өзге халықтарға біздің тарихымыз, мәдениетіміз жайлы айтпақпыз. Біз де әр ұлттың баласын бір шаңырақ астында біріктіріп отырған Қазақстанымызды дамытуға ат салысқымыз келеді.

 

Акбопе Танирберген