Билік

Мемлекеттік қызметшілер ант қабылдады

 

Тәртіптік кеңес өтетін мына залдағы бұл жолғы ахуал өзгеше. Себебі онда “Б” корпусына өтіп, мемлекеттік қызметші атанған солтүстікқазақстандық 4 маман ант қабылдамақ. Оларды облыстық тәртіптік кеңестің төрағасы құттықтады.

Бұдан соң мемлекеттік қызметке жаңадан орналасқандар еліне, халқына адал еңбек етемін деген ант қабылдады. Солардың бірі  – Тимирязев ауданындағы Құртай Селолық округінің әкімі Күләш Шаяхметова. Округ басшысы бұл мен үшін үлкен құрмет дейді.

Осы күні тәртіптік кеңес төрағасы еңбегімен ерекшеленген бірқатар мемлекеттік қызметшілерді алғыс хаттармен марапаттады. Ондай құрметке бөленгендердің бірі – Жамбыл ауданының бас ветеринары Александр Шулпин.

 

Александр Шулпин, Жамбыл ауданының бас ветеринары:

-Осы салада еңбек еткеніме 25 жыл болды. Бүгінгі күні еңбегімнің жоғары бағаланғанына қуаныштымын. Мемлекеттік қызметшілерге үкіметтен үлкен қолдау бар. Жұмысымызды оңтайландыру тұрғысында жыл сайын бөлінетін қаражат көлемі де артып отыр. Ол Елбасының алға қойған тапсырмаларын орындауда бізге айтарлықтай демеу болады.

 

Бұл жолғы шара мемлекеттік мереке, Тұңғыш Президент күніне орайластырылды.

 

Самат Есмағи