МТРА жаңалықтары

«МасCoffee» компаниясы әріптестеріне ақшалай сертификаттар табыс етуде

Форбс журналының мәліметіне сүйенсек, бүгіндері Қазақстанда осы сусынды тұтынушылар қатары артуда. Бұл ретте айта кету керек, ел нарығында «Маккофе» компаниясы көшбасшылар қатарында. Олар ұсынып отырған тауар түрлері де сан алуан.

Станислав Смирнов – «МасCoffee» компаниясының өкілі:


–  Әлемдік нарықта ойып тұрып өз орнын алған Маккофе компаниясы өңірлік даму стратегиясын жүргізіп жатыр. Сөйтіп, шағын және орта бизнесті дамытуға үлес қосуда. 2016 жылы осы бағытта жұмысты жақсарту үшін «Алтын клуб» әріптестік бағдарламасын енгіздік. Ол В және С дәрежелі дүкендері бар кәсіпкерлерге арналған. Яғни, біздер шағын сауда нүктелері бар бизнесмендермен ұзақ мерзімге екіжаққа тиімді әріптестік орнаттық.

«Алтын клуб» әріптестік бағдарламасына қатысу шарттары қарапайым. Ол үшін сауда нүктесі компания ұсынған құрылғыны орнатып, тауарды сатуға жағдай жасауы қажет. Осыны орындаған дүкенге жеңілдіктер жасалады. Ал 2016 жылы байқау да жарияланған. Қатысушылар 25 және 75 мың теңге ұтып алу мүмкіндігіне ие болды. Жолы болғандардың бірі – Людмила Гордиюк.

Людмила Гордиюк – «Гордиюк» ЖК директоры:


–  Маккофе компаниясымен бұрыннан әріптеспіз. Биыл олар бізге арнайы құрылғы орнатты. Басында дәл көрнекті жерге қондырғыны орнатуға қарсы болсам да кейін келістім. Сосын бізге 25 мың теңгенің сертификаты берілді. Енді міне, жыл соңында 75 мың теңге алып отырмыз. Өте қуаныштымын. Компанияға алғысым шексіз. Әрі қарай да жұмыс істейтін боламыз.

Маккофенің Қазақстандағы 800-ден астам сауда нүктесі осы байқауға қатысып, өз сыйақыларын алған. Соның 29-ы Петропавл қаласында орналасқан екен. «Алтын клуб» әріптестік бағдарламасы келер жылы да жүргізіледі. Оған қатысқысы келетіндер өз өтініштерін білдірсе болғаны. Компания өкілдері сыйлықтар көлемі арта түседі деп отыр.

Байболат Құлтанов