МТРА жаңалықтары

СҚО-да Тәуелсіздіктің 25 жылдығы медалімен сайлау комиссиясының мүшелері марапатталды

Бұл 25 жыл – еліміздің саяси жүйесін құру, дамыту, сайлау процесін ұйымдастыру, демократиялық дәстүрді белсенді ілгерілету кезеңі болды. Осы жылдарда теріскейдегі сайлау комииссиясына мүшелік етіп, ел дамуына өз шама-шарқынша үлес қосқан азаматтар бүгін мына дөңгелек үстел басына жиылған. Бүгін олардың сегізі облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Бейбiт Исмановтың қолынан алғыс хат алды. Мерапатталғандардың дені – аудандарда қызсет етіп отырған мамандар. Ал, облыстық сайлау комиссисының 6 мүшесіне көп жылдық қажырлы еңбектері үшін “ҚР Тәуелсіздігіне – 25 жыл” мерейтойлық медалі табыс етілді. Бейбіт Мұқанов 2004 жылдан бері өңірдегі маңызды науқанды ұйымдастыруға ат салысып жүр. Бүгін оның да еңбегі еленіп, мерейтойлық марапат алды.

Бейбіт Мұқанов, Облыстық сайлау комиссиясының мүшесі:


– Мен оқу бітіргелі міне 45 жыл бойы өңір дамуына үлес қосып келемін. Еңбегімнің бағаланғанына қуаныштымын.

 

Акбопе Танирберген