Спорт

Өңір тәртіп сақшылары шаңғымен жүгіру марафонына қатысты

Күннің суықтығына қарамастан спорттық шараға 200-ге жуық адам келген. Олар екі жарым шақырымға жүгірді.
Сайыс қорытындысы бойынша ерлер арасында ІІД-нің полиция капитаны Олег Гурский топ жарды. Ал әйелдер арасында Петропавл қалалық ішкі істер басқармасы бөлімінің бастығы Ирина ПАпова жақсы нәтиже көрсетті.
Спорттық шарада сөз сөйлеген Облыстық ІІД-і бастығының орынбасары Виктор Букреев әріптестерін осылай ұдайы дене шынықтырумен айналысып тұруға шақырды.

Берік Қасен