МТРА жаңалықтары

Петропавлда Тәуелсіздік мерекесіне орай домбырада ойнаудан флешмоб өтті

Айта кеткен жөн, бұл туындыны сағат тілі тура 12:00-ді көрсеткенде еліміздің барлық қаласында өнерпаздар Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арнап орындауда.

Қымбат Оспанова: СҚО әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының инспекторы:

– Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналып ұйымдастырылып жатқан іс-шаралардан біз де қалыс қалмауды жөн санадық. Бүгін қаламыздағы дарынды домбырашыларды жинап “Сарыарқа” күйін ойнаудамыз. Бұл жердегі өнерпаздар – мектептердің ән-күй мұғалімдері мен облыстық филорманияның солистері және талантты жастар.

Бұдан соң, қаламыздағы Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің дарынды ұл-қыздары өнер көрсетті. Талантты жастар жиналғандарға “Біз – ұлы дала ұландарымыз” атты концерт ұсынды.

Тәуелсіздік мерекесіне арналған шараға өнерпаздар тек қана патриоттық әндер мен қазақ күйлерін дайындапты.

Дәмеш Құрманкина – Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің көркемдік жетекшісі:

– Назарбаев Зияткерлік мектебінде талантты домбырашылар жетерлік. Бүгін олар өз өнерлерін жұртшылыққа паш етуде.

Жастардың өнері жерлестерімізге ұнаған сынайлы. Олар кештен тамаша әсер алғандықтарын айтуда.

– Өзімнің немерем осында өнер көрсетуде. Кеш өте ұнады.

– Жастардың күй шерткендері көңілімнен шықты. Оларға табыс тілеймін.

Жалпы, “Біз – ұлы дала ұландарымыз” атты кеште 10-нан аса ән шырқалып, күй шертілді.

 

Байболат Құлтанов