МТРА жаңалықтары

Петропавл ЖЭО-2 жөндеу жұмыстарынан кейін қазандық пен су жаңа турбина іске қосылды

Екі жыл бұрын бұл қондырғыны мамандар уақытша істен шығарып, жөндеу жұмыстарын жүргізді. Енді міне, жаңартылған қазандық өз жұмысын қайта бастады. Энергетиктердің айтуынша, бұл қондырғы жылына 4 мың 240 тонна көмір үнемдеуге мүмкіндік береді.

Виктор Бармин – Петропавл 2-ЖЭО директоры:


–  Жаңа қазандық бізге қосымша 270 тонна бу береді. Бұл шамамен 60МВт электр қуаттылығын құрайды. Жоба құны – 3,8 млрд теңге. Агрегаттың энергиясын пайдалану өте тиімді әрі үнемді. Қазір орталықта 12 қазандық жұмыс жасайды. Оның төртеуі – жаңа.

Сонымен қатар, бұл күні орталықта көптен күткен №5-ші турбина іске қосылды. Бұрындары бұл жерде 65-ші жылдары орнатылған чехиялық қондырғы тұратын. Енді қазір мұнда қуаттылығы 95МВт болатын сужаңа құрылғы жұмыс жасап тұр. Мамандардың сөзіне сенсек, бұл турбина алдағы 30 жыл бойы үздіксіз қызмет етеді. Сондай-ақ, бір өзі облысымыздың 70%-ын жылумен қамтуға қауқарлы. Айта кеткен жөн, аталмыш жобаны іске асыру үшін 6,6 млрд теңге қаражат жұмсалыпты.

Антон Федяев – СҚО әкімінің орынбасары:

 


–  Т95/105 турбинасы «Урал турбина» зауытынан шыққан. Қазір бұл орталықта 7 турбина бар. Оның 3-уі жаңа. Соңғы іске қосылғаны жарты ғасырға жуық жұмыс істеген турбинаны алмастырды. Енді бұл қондырғы біраз уақыт қызмет етеді деген сенмідемін.

Айту керек, 2020-шы жылға дейін Петропавл ЖЭО-нда турбина цехындағы тағы қондырғылардың 71,4% жаңартылып, қазандық цехының 50%-ы алмастырылмақ.

Айгерім Ержанова