МТРА жаңалықтары

Петропавлда тәжік-ауған шекарасында қаза болған қазақстандық жауынгерлерге арналып «Даңқ» ескерткіші ашылды

Мемориал ҚР ҰҰ Әскери институты алаңында орналасқан. Оған 17 азаматтың есімі жазылыпты. Еске сала кетейік, 1993-1999-шы жылдары аралығында ҚР Ішкі әскерлерінің 2 мыңнан астам әскери қызметшілері ТМД-ның сыртқы шекарасын қорғау жөніндегі үкіметтік тапсырманы орындады. Олар үшін 1995-ші жылың 7-ші сәуірі қаралы күнге айналды. Тәжікстанның Пшихавр тау шатқалында бандалық топтың қарулы тосқауылына тап болған 17 жауынгер сол жерде қаза тапты. 4 сағаттан астам уақытқа созылған ұрыс барысында 33 азамат ауыр жарақат алды.

Мұрат Жарекеев – “Ардагерлер Одағы” РҚБ Астана қаласы филиалының төрағасы:

 


–  Мемориалдың дәл осы оқу орнында орналасқаны жақсы. Өйткені курсанттар осы тақтадағы жауынгерлердің есіміне қарап, батыр ағаларын еске алады.

Айгерим Ержанова