МТРА жаңалықтары

Петропавлда “Айтыс – халық қазынасы” атты облыстық семинар өтті

Мұндай қасиеттерді міне, мына залға жиылған қыз-жігіттердің бойынан табуға болады. Олар бүгінде аталмыш өнерді өңірімізде насихаттап жүрген ақындар. Дәл қазір бұл жерде аға буын өкілдері өскелең ұрпаққа өлеңді ұйқасқа келтіріп жазу мен сөз сайысының қыр-сырын үйретуде.

Таңат Бейсенбаев – Облыстық халық шығармашылығы және мәдени-бос уақыт қызметі орталығының бөлім басшысы:


–  Елімізде айтыс өнері жақсы дамып келеді. Бірақ бұл өнер біздің солтүстік аймақта кенде қалуда. Сондықтан, осындай шаралар арқылы, біз ақындарды сахна мәдениетіне үйретіп, тәрбиелеуіміз керек.

Айтыскерлерге арналған мұндай семинар өңірімізде алғаш рет өткізілуде. Бұл жиынға өңіріміздің түкпір-түкпірінен 20-дан астам ақын жиылды. Амангелді Оқас аталмыш шараға Уәлиханов ауданынан келіпті. Айтыс өнеріне ол 2009-шы жылдары бет бұрған.

Амангелді Оқас – Кішкенекөл орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі, Уәлиханов ауданы:

– Айтыскерлерге арналған семинарды жиірек өткізу керек. Қазір ауыл-аймақта өнерлі жастар көп. Соларды үйрету керек.

Семинарда ақындар бір-бірімен тәжірибе алмасып, өздері жазған өлеңдерін де оқыды.

Бүгінде өңірде түрлі деңгейлі айтысқа тұрақты түрде қатысып тұратын 10-ға жуық ақын бар. Қазір олар келер жылы наурыз айында өтетін облыстық айтысқа қызу дайындық үстінде.

Айгерим Ержанова