Құқық қорғау органдары

Учаскелік полиция инспекторларының халық алдында есеп беру науқаны жалғасуда

Елдімекен халқына қылмыстың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтты. Сұрақтарына жауап берді. Бүгінде ауданда Жедел басқару орталығы жұмыс істейді. Биыл жергілікті қазына есебінен 27 көше камерасы сатып алынды. Келешекте осындай бейнебақылау құрылғылары мектептердің жанына да орнатылмақ. Бұл туралы жылды қорытындылаған учаскелік полиция инспекторы Жаслан Ибраев айтты.

Жаслан Ибраев – М.Жұмабаев ауданынынң ІІБ ЖПҚ учаскелік полиция инспекторы:

– Авангард ауылдық округінде 12 қылмыс тіркелді. Соның алтауы ұрлық бүгінде бесеуі ашылды. Қылмыстық кодекстің “Қарақшылық жасау” бабы бойынша 1 адам ұсталды.

Берік Қасен