Александр Шатных – ДПО ГАОУ «БДӘТИ» ұйымдастыру-әдістемелік жұмыстар бойынша проректоры, Қорған облысы, РФ:
– Біздің өңірде 5 жыл бұрын бастау алған педагогикалық клубтық қозғалыс жұмыс жасайды. Олар барлық аудандарда құрылған. Жалпы ұстаздар қауымының мұндай ұйымға біріктірілуі өте маңызды. Олар бір-бірімен тәжірибе алмасады. Жаңа технологияларды қолдануды үйренеді. Жаңадан келген мұғалімдердің де аталған клубтарда үйренері көп. Бұл ұйымдар педагогтардың еркін пікір алмасу алаңына айналды.
Қорғандық ұстаздар қазақстандық педагогтардан да үйренеріміз көп деп отыр. Әсіресе, бүгіндері біздер қолданып жатқан Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесі оларды қатты қызықтырған. Жалпы шекаралас облыстармен ынтымақтастық шеңберінде әдістемелік десант 2014 жылдан бері өткізіліп келеді.
Алма Мурзалинова – «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы СҚО бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры:
– Бізге, әсіресе қорғандық педагогикалық клубтардың жұмысы ұнады. Өйткені, олар әр пән мұғалімдерінің басын біріктіреді. Осы әріптестік жұмыс аясында біздің институт қаңтар айында Қорғанда өтетін олимиадаға қатысып қайтады.
Жалпы кездесуге 100-ге жуық педагог қатысты.
Магжан Ахмадина