Денсаулық сақтау

Өңірде жұқтырылған иммун тапшылығының синдромына қарсы айлық өтуде

Айман Сыздықова – ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жөніндегі облыстық орталықтың бас дәрігері:

– Жұқтырылған иммун тапшылығының синдромына қарсы айлық қарашаның 10-ы күні басталды. Содан бері біз қаладағы барлық мектепте дәріс сабақтарын өткіздік. Кездесуде мамандар жастарға індеттің жұғу жолдарын түсіндіріп, жадынама қағаздар таратты. Мұндай жұмыстар облыстың аудандарында да өтті. Тағы, мамандар жергілікті серіктестіктерде акция ұйымдастырып, жұмыс істейтін жастардың қанынан сараптама алды.

Жалпы, бүгінде облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жөніндегі орталықтың диспансерлік есебінде 600-ден аса адам тұр. Оның 150-ге жуығы қауіпті індетке үстіміздегі жылы шалдығыпты. Бұл дертпен ауыратын адамдардың 85 пайызы әр жыл сайын медициналық тексерістен өтеді. Және оларға тегін дәрі-дәрмектер беріледі екен.

Қарлығаш Ақынова – ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жөніндегі облыстық орталықтың дәрігері:

– Биылғы жылы өңір халқының 15% СПИД-қа қарса медициналық тексерістен өтті. Олар бірінші кезекте алкоголь ішетін, есірткі қабылдайтын адамдар.

Айта кеткен жөн, ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жөніндегі облыстық орталығының мекен-жайы ауысты. Бұрын бұл мекеме Пушкин көшесіндегі 103-ші үйінде болса, қазір Тауфик Мухамед Рахимов көшесіндегі 27-ші ғимаратқа көшірілді.

 

Култанов Байболат