МТРА жаңалықтары

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында шыршалар күшейтілген күзетке алынды

Өлмес Нұртазиннің Куйбышев орман шаруашылығында қорықшы болып жұмыс істегеніне 10 жылдан асқан. Осы уақыт ішінде оның қарауындағы бірде-бір қарағай заңсыз түрде кесілмепті. Азаматтың күнделікті жұмысы таңғы тоғызда басталады екен. Білікті маман күн ұзаққа қаз-қатар бой түзеген шыршалардың ұрланбауын бақылайды.

Өлмес Нұртазин — Куйбышев орман шаруашылығының қорықшысы:

– 200 гектарга жуык аумақты қадағалаймын. Орман шаруашылғында 9 қорықшы бар.

Айта кеткен жөн, соңғы екі жылда өңірде шырша ұрлығы мүлде тіркелмеген. Бүгінгі таңда облыс аумағында 25 стационарлық бекет пен 88 мобильді топ жұмыс істеуде. Олар жас қарағайлардың заңсыз түрде кесілмеуін тәулік бойы қадағалайды. Егер де ұрлық фактісі орын алып жатса, құқық бұзушыға тиісті жаза қолданылады.

Василий Лабанчук, СҚО табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бөлім жетекшісі:

– ҚР Қылмыстың Кодексінің 340-бабы бойынша азамат заңсыз түрде шырша кессе оған 300 АЕК көлемінде айыппұл салынады немесе 240 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылады. Тағы, заң бұзушы 75 тәулікке қамауға алынуы мүмкін. Сонымен қатар, қылқан жапырақты ағаштарға зиян келтірілсе 15 АЕК көлемінде айыппұл төлейді.

Жалпы, бүгінде өңірдің 432,9 мың гектар жерін ағаш алып жатыр. Оның небәрі 4 пайызын, яғни 18 мың гектарында қарағай өседі.

 

Култанов Байболат