МТРА жаңалықтары

Петропавлда “Қыз тәрбиесі – ұлттық ар-намысы мен атақ-абыройы” атты дөңгелек үстел өтті

Зәуреш Жиентаева – “Қыз Жібек” клубының жетекшісі:

– Біз клуба заманауи қыздарға өзіміздің ұлттық құндылықтарымызды үйретеміз. Дұрыс бағыттағы тәлім-тәрбие беріп, қыздардың бойында болу керек қасиеттерді айтамыз.

Қыз баланың тәрбиесі – халықтың ең қымбат байлығы. Бесігінде жақсы тәрбие алған, үлгі өнеге көрген қыз бала келін болғанда да сол әдетін сақтайды. Педагогика еңбегінің ардагері Қымбат Исманова үш бірдей кітаптың авторы. 50 жыл бала тәрбиесімен айналысқан ақ жаулықты ананың алғашқы туындысы өмірден озған жолдасы екеуінің өмірі жайында. Ал келесісі қазіргі жастардың тәрбиесіне арналыпты.

Қымбат Исманова – педагогика еңбегінің ардагері:

– Екінші кітабым “Дөңгеленген дүние-ай” деп аталады. Онда қыздардың болашақта келін, ана болатындығы жайында жаздым. Нәзік жандылардың отбасыда маңызды рөл атқаратындығын айтып өттім.

Кездесу соңында жас бұрымдыларға арналып арнайы бейнефильм көрсетілді.

 

Риат Шони