Konstitutsia banner mobile

Құқық қорғау органдары

Петропавлда есірткі саудасымен айналысты деген күдікпен екі бірдей солтүстікқазақстандық азаматша құрықталды

Тінту барысында азаматшалардан 70 граммға жуық героин тәркіленді. Есірткінің қара базардағы құны 60 мың теңге маңайында. Жыл басынан өңірде есірткінің заңсыз айналымына қатысты 170-тен астам құқықбұзушылық тіркелді. 290 келіден астам есірткі тәркіленді.

Аман Раскулов – Петропавл қаласы ІІБ есірткі бизнесімен күрес бөлімі бастығының міндетін атқарушы:

– Ұсталған азаматшалардың бірі Петропавл қаласындағы дәріханалардың бірінде фармацевт болып жұмыс істеген. Күдіктілерге қатыста Қылмыстық кодекстің 207-ші бабы, 3-ші бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Енді кінәлары дәлелденсе онда олар 10-нан 12 жылға дейін темір торға тоғытылуы мүмкін.

Задержанная:

– Менің ағам есірткі затына тәуелді болған. Ол қайтыс болды. Бұның барлығы содан қалған. Көп уақыт үйде жатты. Жуырда ауырыңқырап қалдым. Дәрі-дәрмек алуға ақша керек болды. Кейін есірткінің сатпақ болдым.

 

Риат Шони