Құқық қорғау органдары

Өңірдің тәртіп сақшылары “25 игі іс” акциясына атсалысты

Аринаға тәртіп сақшылары мүгедек арбасын берді. Енді 5 жасар қыз далаға жиі шығып тұратын болды. Осы күні полиция өкілдері өзге де балақайлардың хал-жағдайын білді. Балғындар қонақтарды көрген бетте қуаныштарын жасырмай, бар өнерлерін ортаға салуға тырысты.

9 жасар Лира да кішкентай інісі мен сіңлілеріне қарайласатынын айтты. Оның әкесі Манап Серікбаев 4 баланы бір өзі тәрбиелуде. “25 игі іс” шарасы аясында ІІД-нің қызметкерлері кембағал жандарға түрлі сыйлықтар мен медициналық жабдықтар үлестірді. Жер үйде тұратындарына отын, көмірін жеткізіп берді. Аталмыш акцияға аудандың ішкі істер бөлімінің қызметкерлері де үлес қосты.

Берік Қасен