МТРА жаңалықтары

СҚО соты 11 айды қорытындылады

Бахыт Қасейінов – СҚО сотының азаматтық істер жөніндегі алқасының төрағасы:

– 11 айдың ішінде татуластыру үрдісі бойынша 1 466 азаматтық іс қаралды. Бұл өндірісте жатқан істердің 15 пайызы ғана. Осылайша, сотқа арыз берушілерге жалпы сомасы 70 млн теңгенің мемлекеттік баж салығы қайтарылды.

Сондай-ақ 11 айдың ішінде облыстық сотқа 1 989 қылмыстық іс түсті. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 23 % -ға көп.

Владимир Кириленко – Солтүстік Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасының төрағасы:

– Нәтижесінде 1 285 тұлғаға үкім шығарылып, соның 97%-ы сотталды. Қалған 38 тұлға ақталды.
Қазіргі таңда өңір судьялары қылмыстық істерді қарау мерзімін қысқартуда. Осылайша, биыл жеңілдетілген өндіріспен 418 қылмыстық материал қаралды.

11 айдың ішінде өндірісте жатқан 672 іс тоқтатылды. Соның басым көпшілігінде дауласқан тараптар медиаторларға жүгініп, мәселелерін бітімгерлік әдіспен шешіпті.

Берік Қасен