Спорт

Солтүстікқазақстандық жастар ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған флешмоб ұйымдастырды

Әлия Қойшина – Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің студенті:

– Спортшылармен бірге шараға қатысқанымызға өте қуаныштымыз.

Маргарита Мұқашева – халықаралық дәрежедегі спорт шебері:

– Бүгінгі шарада біз жастармен бірге флешмоб биледік. Мұнда өңіріміздің белді спортшылары жиналған. Оның ішінде гимнастшылар мен атлеттер де бар. Осылайша, біз оқушыларды салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен айналысуға шақырғымыз келеді.

Дос Әубәкіров – Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі дене шынықтыру және АӘД мұғалімдерінің бірлестік жетекшісі:

– Халықаралық дәрежедегі спортшылармен бірлесе жасалған дәл осындай шара оқушылардың бойында патриоттық сезім оятып, спортқа деген ынтасын арттырады.

Тогжан Акмагамбетова