Мәдениет

Петропавлда солтүстікқазақстандық суретшілердің көрмесі ашылды

Марат Қожахметов -Қазақстанның суретшілер Одағы СҚОФ төрағасы:

– Бұл суретті мен М.Жұмабаевтың “От” деген өлеңін оқыған соң сала бастадым. Енді алдағы уақытта Республикалық сайысқа осы туындымды жіберемін.

Бұл республикалық конкурсқа қатысатын жалғыз туынды емес. «От» картинасынан бөлек, Алматыға Ғалия Қожахметованың «Мағжан Жұмабаев», Руслан Абдрафиковтың «Аударыспақ» картинасы және Болат Әсербековтің «Урга» суреті жіберілмек. Бұл туындылардың барлығы да көрермендер көңілінен шықты. Әсіресе, жастар жағы мол әсер алған.

Айым Чоткарева – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті:

– Мен болашақ дизайнермін. Сондықтан бүгінгі көрмеге келіп, суретшілердің жұмысымен танысудамын. Өзіме ұнады. Бояуларды суретшілер өте шебер қолданған. Олардың туындыларына қарап, біз тәжірибе жинаймыз.

Айту керек, бұл көрмені Қазақстанның суретшілер Одағы СҚОФ мүшелері ұйымдастыруда. Бұл ұйым өңірде өткен жылы ашылған.

Марат Қожахметов -Қазақстанның суретшілер Одағы СҚОФ төрағасы:

– Біздің Одақта 10 суретші бар. Барлығы да өз ісінің шебері. Бүгінде біз оқушылар мен және студенттермен жақсы тығыз қатынастамыз.

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған көрме Николай Погодин атындағы облыстық орыс драма театрының екінші қабатында жайғасқан. Аталмыш шара желтоқсан айының 15-не дейін жалғаспақ.

 

Айгерим Ержанова