Спорт

Петропавлда банк қызметкерлері арасында волейболдан жарыс өтті

Ешбір допты қалт жібермей, қарсыластарының алаңына жойқын соққыларды бағыттап, ұпайларды қоржындарына бірінен соң бірін салды. Нәтижесінде, Центр Кредит банкінің өкілдерін 0-2 есебімен жеңіп, келесі ойынға жолдама алды. 3 күнге жалғасқан жарыста қаржы институттарының қызметкерлері 30-ға жуық ерлер және әйелдер командаларына бөлініп, өз араларында мықтыны анықтады. Сонымен, сайыс қорытындысы бойынша ерлер арасында Сбербанк, ал әйелдер арасында АТФ банкінің командалары жеңімпаз атанды. Барлығы бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Гүлзада Әлжанова – “Delta Bank” АҚ касса меңгерушісі:

– Бұл шараның мақсаты – банк қызметкерлері арасындағы достық қарым-қатынастарды нығайтып, салауатты өмір салтын насихаттау.

 

Тогжан Акмагамбетова