Аптадағы маңызды жаңалықтар

Өңірді газбен қамтамасыз етуге арналған жоба таныстырылды

Ол кезең – кезеңмен жүзеге асырылып, келешекте еліміздің бірыңғай газ тасымалдау жүйесін құру жоспарланған. Аталған бағдарлама бойынша «Бейнеу-Шымкент» магистральды газ құбыры арқылы көгілдір отын Астана, Қарағанды, Ақмола және СҚО жеткізілмек. Жоба мақұлданып, тұрғындар арасында қолдау тапса, газ теріскейге 2024-2025 жылдары келеді. Сондықтан кездесуге қатысқандар тың идеяның экономикалық және экологиялық жағынан алғанда өңір тұрғындары үшін аса маңызды болып отырғанын атап өтті. Өз кезегінде «Катэк» ЖШС бас директоры – Құндыз Нупов әзірге, компания зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатқандығын айтты.

Құндыз Нупов- «Катэк» ЖШС бас директоры, Астана қаласы:

– Трассаны қарастыру, қайсысы бағытпен салынады, ондай мүмкіншілік бар ма?Содан кейін бәрі есептеліп, біздің тапсырыс берушіге көрсетіледі. Қаржы саналады. Бәрі дұрыс болса, қаржы мен жоспар үйлессе келесі жылы басталады.

 

Магжан Ахмадина