МТРА жаңалықтары

Облыс әкімі Тайынша ауданындағы Аймақ және Ильичевка елді мекендерінің тұрғындарымен кездесті

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Тайынша-Чкалово бағытындағы жол 2018 жылы жөнделеді. Қазір біз қаржыны облыстық маңыздағы және Ресейге апаратын автожолдарды қалыпқа келтіруге бағыттап жатырмыз.

Ильичевка селосының тұрғындары әкімнен құс фабрикасының болашағын сұрады. Бір жыл бұрын жұмысын тоқтатқан кәсіпорында 200 адам еңбек етіпті. Ерік Сұлтанов инвестордың табылғанын айтып, кәсіпорын 2017 жылы қайта іске қосылатындығын жеткізді. Бұдан бөлек ауылды жерлерде ірі және ұсақ малдың басын көбейтуге ынталы адамдарға жан-жақты қолдау көрсетілетіндігін жеткізді.

Осы жерде Ерік Сұлтанов өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан және қоғамдық өмірге белсене араласып жүрген азаматтарды марапатады. Білім саласында 40 жылдан артық еңбек өтілі бар ұстаз Сақыш Алиева облыс әкімінің қолынан Құрмет грамотасын алды.

Сақыш Алиева – Аймақ негізгі мектебінің директоры, Тайынша ауданы:

– Білім саласында 40 жылдан артық еңбек етемін. Соңғы 23 жылда мектепті басқарамын. Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында облыс әкімінің қолынан Құрмет грамотасын алғаныма қуаныштымын.

Бүгінде Ильичевка селосына адамдар көшіп келіп жатыр екен. Соған қарағанда тұрғындары елдімекеннің гүлденеріне сенеді.

Берік Қасен