Спорт

Петропавлда кикбокстан республикалық “Қазақстан кубогы” бастау алды

Талат Мұхитов – жарыстың бас төрешісі, Павлодар қаласы:

– Бұл жарысқа еліміздің мықты кикбоксшылары қатысуда. Олардың арасынан біз жеңімпаздарды іріктеп аламыз. Олар келер жылдың сәуір айында Түркіменстан астанасы, Ашхабад қаласында өтетін “Азия ойындарында” ел намысын қорғайтын болады.

Жарыстың ашылу салтанатында Азамат Нұрпейісовтің ата-анасы мен туған туыстары да болды. Олар ұлдарын еске алып, қаламызда республикалық деңгейдегі жарыс өткендігіне қуанышты.

Ерік Нұрпейісов – Азамат Нұрпейісовтің әкесі:

– Баламыздың еске алуға арналған жарысқа келіп отырмыз. Осындай дода ұйымдастырушыларына алғысымыз шексіз.

Көп кешікпей доданың алғашқы кездесуде басталды. Шаршы алаңда 60 келідегі теріскейлік Никита Сипягин қостанайлық Алихан Дүйсеновпен кездесті. Алғашқы екі рауындта жерлесіміздің қарсыласына қарағанда басымдығы сезілді. Ал, үшінші кезеңде Никита Алиханды жұдырықтың астына алды.

Осылайша теріскейлік кикбоксшы жарыстағы алғашқы жеңісіне жетті.

Никита Сипягин – жарысқа қатысушы, Петропавл қаласы:

– Мен үшін 3-ші раунд қиынға соқты. Бұл кезеңде бар күшімді салдым. Жаттықтырушымның айтқан кеңесінің арқасында қарсыласымнын айламды асырдым. Бұған өте қуаныштымын.

Петропавлда Азамат Нұрпейісовты еске алуға арналған республикалық “Қазақстан кубогы” желтоқсан айының 4-іне дейін жалғасады.

 

Култанов Байболат