Спорт

№7 орта мектепте Отбасылық спорттық сайыс өтті

Елена Букина, “Шок” командасының мүшесі:

– Біздің баламыз қатты қатысқысы келді. Біз де оны қолдадық. Ильяның әкесі спортшы. Бос уақытымызда отбасымызбен бірге шаңғы, коньки тебуге барамыз. Бүгін жеңіске жетеміз деген ойдамын.

Илья Букин, “Шок” командасының мүшесі:

– Біз жеңіске жетеміз. Мен оған сенмдімін. Біздің ұрнамыз: “Барлығын басып озу!.

Залдың жартысы олардың “Шок” командасын қолдауда. Жанкүйерлер әр топты жігерлендіруде. Бүгінгі сайысқа үш команда қатысуда. Әр топта 6 адамнан. Яғни бір командаға екі отбасы бірктірілген.

Гүлнар Таласбаева, №7 орта мектептің директоры:

– Отан Отбасынан басталады. Бүгінгі сайысқа оқушылар ата-аналарымен қатысудары тиіс. балалар спортпен айналысуы керек.

Ойын қыза түскен. Әсіресе балалар зор ынтамен қатысып, өз белсенділіктерін танытуда. Бүгін олар 11 кезеңнен сүрінбей өтулері тиіс.

“25 Жұлдызды күн” акциясының 11-ші күні – “Отбасы құндылықтары” тақрыбында өтуде. Сондықтан ұйымдастырушылар бүгінгідей сайыс өткізуді шешкен.

 

Акбопе Танирберген