МТРА жаңалықтары

Петропавлда прокурорлар аллеясы ашылды

Бұған дейін бұл жерде сауда-кеңселік орталықтың құрылысы жоспарланған болатын. Бірақ, тұрғындардың сұрауы бойынша мұнда жаңа саябақ ашылды.

Зәуре Жұмалиева – СҚО прокуратурасы жанындағы консультативтік кеңестің төрайымы:

– Жақын маңда тұратын тұрғындардың қуанышында шек жоқ. Дені – зейнеткерлер. Олар прокурорларға алғыстарын жаудыруда. Өйткені, енді бұл жерде отырып, таза ауамен тыныстауға болады. Алысқа барудың да қажеті жоқ.

Мұнда 8 жарық шамы мен 20-ға жуық орындық жайғастырылыпты. Ал мына ескерткішті прокурорлар Есіл ауданында арнайы тапсырыспен ақ граниттен жасатыпты. Салмағы – 2 тоннаны құрайды.

Бақытжан Сәдібеков – СҚО прокуратурасы 2-ші басқармасының бастығы:

– Қала тұрғындарына бұл жерде демалуға болады. Аллея үнемі прокуратура бақылауында болады.

Алдағы уақытта аталған демалыс орнында шыршалар мен ағаштың өзге де түрлері отырғызылып, аббаттандыру жұмыстары жалғастырылмақ.

 

 

Айгерим Ержанова