Балалар

Республикалық “Жас Ұлан” ұйымы мүшелерінің қатары толықты

Қарлығаш Қанағат, Қазақ мектеп-гимназиясының оқушысы

– Мектептегі би үйірмесіне қатысамын. Және қазақ, ағылшын тілі, математика, пәндері бойынша мектепішілік, қалалық ғылыми жобалар байқауынан жүлделі орындарға ие болып жүрмін.

Рүстем Есенбергенов, республикалық “Жас Ұлан” бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының СҚО бойынша төрағасы

– Бұл балалар спортта, оқуда белсенді. Бүгінде жас ұландықтардың қатарына ел бойынша 25 мыңнан астам оқушы мүше.

Салтанатты жиынның куәсі болған қалалық мәслихат депутаттары мен қалалық ардагерлер кеңесінің өкілдері 2015 жылы елімізде тойланатын мерекелерді айта келіп, жасұландықтарға елдегі ұлтаралық татулық пен халықтар арасындағы достықты сақтауға үлес қосуға шақырды.

Сара Тасеменова – Петропавл қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары

– Мемлекетіміздің болашағы үшін тамшыдай болсын үлес қосады деген үмітпен сіздерді балалар ұйымына кіргізіп, ашық көк түстес галстук байлап жатырмыз. Сіздер біздің президентіміздің өмірінен үлгі алып, үлкен азамат болыңыздар.

Бұдан кейін Қарағанды, Ақмола және Қазан қаласы мен Түмен облысынан келген оқушылар балалар ұйымдары көшбасшыларының халықаралық кездесуінде бас қосты.

Мейрамбек Закиров, республикалық “Жас Ұлан” бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының Ақмола облысы бойынша төрағасы

– Қазақта 50 жылда ел жаңа деген жақсы сөз бар. Міне, өтіп жатқан шарамыз да Елбасының Жолдауын іске асыруға өзінің үлесін қосады. Алда Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдығы. Жалпы жолдауда толерантылыққа, халықтар арасындағы достыққа, тіл, мәдениет мәселесіне көп көңіл бөлінген. Біздің халықаралық форум осы тапсырманы орындау үшін ұйымдастырылған.

Көкшетаулық Гүлнәр Толқын маңызды жиынға арнап өлең шығарыпты. ол болашағын журналистика мамандығымен байланыстырғысы келеді.

Гүлнәр Толқын, Дарынды балаларға арналған №3 мектеп-интернатының оқушысы, Ақмола облысы

– Жас Ұлан – егеменді елімнің болашағы, тәуелсіз мемлекеттің бір бұлағы.
Елімнің ақ үмітін үкілеген, ақтайтын ол елімнің шам шырағы.
Қазақстан тамыры терең бір бәйтерек, әлемде кездесетін өте сирек.
“Жас Ұлан” сол бәйтерек бір бұтағы, ел үшін ететұғын ерен еңбек.

Берик Касен.