МТРА жаңалықтары

Петропавлда нәзікжандыларға арналған семинар өтті

Күлімкөз Смаилова – СҚО ҚХА Аналар кеңесінің төрайымы:


–  Әйелдер көшбасшылық мектебінің басты мақсаты – кадрлар резервін қалыптастыру және әйел азаматтарды қоғамдық-саяси өмірге тарту.

Бүгінде әйелдердің барлық салада жұмыс жасап жүргенін көруге болады. Білім беру, денсаулық сақтау, құрылыс, экономика мен бизнес және тәртіп сақшылары қатарында да нәзікжандылар баршылық. Қазақстандық қыз-келіншектер жан-жақты келеді. Үйдегі шаруадан бақа қоғамдық өмірге де үнемі атсалысып жүреді. Сондықтан, дәл осындай семинарлар әйелдерге өте қажет дейді олар.

Мақпал Алпысова – Петропавл қалалық ІІБ аға инспекторы:

 


–  Мұндай іс-шаралар әйел азаматтардың үйдегі шаруасынан тыс қоғамдық, саяси, мәдени шараларға қаптысып, басқа ортада өзін көрсетуіне өз септігін тигізеді деп ойлаймын. Мен – облыстық аналар кеңесінің мүшесімін. Өткен жылы республикалық аналар кеңесінің отырысына қатысып келдім. Сонымен қатар, қаламыз бен облысымыздағы барлық іс-шараларға қатысып тұрамын.

Жалпы бұл күні 30 нәзікжанды арнайы курстан өтті. Олардың арасынан ең белсенді деген 10 азаматшаға сертификат табысталып, облыстық әйелдер көшбасшылық мектебіне мүшелік ететін болды.

Айгерім Ержанова