МТРА жаңалықтары

Өткен демалыс күндері облыста 9 өрт оқиғасы орын алып, 3 адам қаза тапты

Ал келесі күні таңертең Мир көшесі 327 мекен жайындағы көппәтерлі үйден өрт шықты. Салдарынан терезе, жиһаз бен тұрмыстық техника жойылды. Оқиға орнынан 36 жастағы ер адам ауруханаға жөнелтілді. Құтқарушылар 40 адамды қауіпсіз жерге көшіріп, 3-уін қызыл жалыннан арашалап қалды. Өрт бір сағаттың ішінде толығымен ауыздықталды. Жалпы жыл басынан облыста 612 өрт оқиғасы тіркелген. Тілсіз жаудың кесірінен 16 адам қаза тауып, 31-і түрлі дәрежедегі дене жарақаттарын алды. Өрттен келген материалдық шығын 92 млн теңгеден асады.

 

Риат Шони