МТРА жаңалықтары

Тауық жұмыртқасының бағасы тұрақтандырылуда

Жыл басында жергілікті билік өкілдері өңірдегі 4 құс фабрикасының басшыларымен бағаны тұрақтандыру бойынша меморандумға қол қойған болатын. Бірақ, бүгінде Петропавлдағы сауда базарларында 10 жұмыртқаның құны 280 теңгеге, ал кейбір дүкендерде тіпті 300 теңгеге дейін жеткен. Бағаның дәл осылай шарықтауын облыстық әкімдіктегілер маусымдық құбылыс деп түсіндіруде. Енді жыл соңына дейін қаладағы 100-ден астам сауда нүктесінде жұмыртқа құны көрсетілген бағамен сатылатын болады. Айту керек, қазір жергілікті 4 құс фабрикасы өңірдегі жұмыртқаға деген сұранысты толық қанағаттандыруда. Жылына біздің облысымызда аталған тауардың 500 млн данасы шығарылады.

Әділхан Мұхамедияров – СҚО кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысының орынбасары:

– Меморандум шарттарына сәйкес, 1 санатты жұмыртқалар бағасы-215. ал екінші санатты жұмыртқа 205 теңге тұрады. Бұл баға Жаңа жылға дейін тұрады.

 

 

Айгерим Ержанова