Спорт

Петропавлда жасөсіпірімдер арасында спорттық акробатикадан ҚР чемпионаты өтті

Жаслан Дауылбаев – жарысқа қатысушы, Шымкент қаласы:

– Осы спортпен аналысып жүргеніме 5 жыл болды. Бұл спорт маған өзінің істейтін түрлі трюктарымен ұнайды.

Спорттық акробатикадан ел чемпионатында еліміздің 9 өңірінен келген 150-ге жуық спортшы бақтарын сынауда. Қатысушылар батутта және акробатикалық кілемде түрлі жаттығулар орындайды.

Біржан Мұқанов – ҚР акробатика спортынан мемлекеттік жаттықтырушысы:

 

– Бұл жарыс – 2016 жылдың соңғы сайысы. Осы жарыстан кейін ұлттық құрама жасақталады.Жеңіске жеткендер халықаралық жарыстарға барапы, ел намысын қорғайды.

Сайыс қорытындысы бойынша барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамота және медальдармен марапатталады.

Тогжан Акмагамбетова