МТРА жаңалықтары

Петропавлда “Беларус мәдениетінің фестивалі” өтті

Кейін, көрермендер назары акт залына ауды. Мұнда “Белорус мәдениетінің фестивалі” басталды. Мерекелік кеш шымылдығын С.Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрының “Алуа” би ансамблі ашты.

Мария Татарченко – СҚО “Радзіма” белорус мәдени орталығының төрайымы:

– Бүгінгі фестивальді Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында ұйымдастырып отырмыз. Кеште беларустардан бөлек қазақ, орыс халықтарының өкілдері өнер көрсетеді. Мұндағы мақсат елімізді мекен еткен түрлі ұлттардың бірлігін тағы да бір көрсету. Шарада жиналғандарға ұлттық аспаптарымызды, тәтті-дәмділерімізді таныстырамыз.

Айта кеткен жөн, кеште жергілікті және облыс аудандарының ұжымдары да өнер көрсетті. Мәселен, “Калі Ласка” белорус этномәдени орталығының өнерпаздары фестивалге Қызылжар ауданынан арнайы келіпті. Дарынды ұл-қыздар белорусь халқының ұлттық музыкалық аспабы қасықпен түрлі әуендерді салып, жұртшылықтың қошеметіне бөленді.

“Калі Ласка” белорус этномәдени орталығының өнер ұжымы 28 адамнан тұрады. Оның негізін мектеп оқушылары құрайды екен.

Тамара Ткаченко – “Калі Ласка” белорус этномәдени орталығының жетекшісі, Қызылжар ауданы:

 


–  Біз бүгінгі кеште беларус тілінде бірнеше ән орындаймыз. Тағы, әзірлеген биімізде бар. Соңғы жылдары жастарды өнерге баулып, сахнаға бірге шығарып жүрміз. Оларға ұлттық аспаптарда ойнауды үйрету біздер үшін міндет.

Жалпы, “Белорус мәдениетінің фестивалінде” 70-тен аса адам өнер көрсетті.

Култанов Байболат