МТРА жаңалықтары

Теріскейдегі этномәдени орталық өкілдері Тәуелсіздік декларациясын талқылады

Мінберден сөз сөйлегендер, әсіресе 130-дан аса ұлт пен ұлыс мекен еткен мемлекетіміздегі ауызбіршілікті мақтанышпен әңгімеледі. Аға буын өкілдері залға жиналған жастарға сапалы білім алып, еліміздің экономикасын дамытуға өз үлестерін қосуға шақырды. Сондай-ақ, жиында еліміздің дамуындағы Елбасы рөлі жайлы айтылды.

Наиль Салимов – Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі:

– Тәуелсіздікке қол жеткізген 25 жылда Қазақстан зор табысқа кенелді. Осы уақыт аралығында дамыған 50 елдің қатарына кірдік. Ендігі мақсат – озық 30 мемлекеттің қатарына қосылу. Бүгінде Президенттің көрегенділігінің арқасында өзге елдермен тереземіз теңесуде. Енді, біз Ұлт көшбасшысының саясатын қолдап, жұмыла еңбек етсек, бағындырар белестеріміз алда деп ойлаймын.

 

Култанов Байболат