Құқық қорғау органдары

Өңірде СҚО ІІД мен РФ ІІМ басқармалары үйлестіру тобының отырысы өтті

Оның 4-уі адам өлтіріп, ауыр қылмыс жасапты. Ал ресейлік құқық қорғаушылар өз аумақтарынан солтүстік өңірде іздеуде жүрген 4 қылмыскерді анықтаған.

Любовь Аксенова – Омбы облысы бойынша ІІМ басқармасы бастығының уақытша міндетін атқарушы, РФ:

– Ақпарат алмасудағы қарым-қатынас аясында интерпол қызметкерлері Қазақстан аумағында іздеуде жүрген 8 ресейлік азаматты тапты. Сонымен қатар, тиісті органдарға тағы 25 жедел тергеу ісіне қатысты ақпарат жіберді. Жалпы биыл Қазақстаннан келген өтініш бойынша, Омбы облысында 15 іс орындалды. Осылайша іздеуде жүрген 2 адам мен із-түссіз жоғалған бір азамат табылды.

Жиында өңір жетекшісі Ерік Сұлтанов шекаралас ынтымақтастық аясында екі жақтың тәртіп сақшылары нәтижелі жұмыс атқарып жатқанын атап өтті.

Ерік Сұлтанов – СҚО әкімі:

 


–  Біздің облысымыз Ресейдің Омбы, Түмен және Қорған облыстарымен шекаралас ынтымақтастық қатынасты нығайтуда. Түрлі салаға қатысты меморандумдарға қол қойылған. Оның ішінде құқық қорғау органдары да бар. Қазір біздің полицейлер мен ресейлік тәртіп сақшылары қоян-қолтық жұмыс атқаруда. Соның арқасында бірқатар қылмыстың беті ашылды. Әсіресе, көші-қон заңнамасын бұзған және есірткі бизнесіне қатысты қаншама заңбұзушы ұсталды. Осы бағытта қылмыстың алдын алу үшін қос тарап бірлесе жұмыс жасауды жалғастырулары керек.

Кейін өңір басшысы көршілес мемлекеттен келген бірқатар тәртіп сақшыларын жемісті еңбек пен нәтижелі әріптестік қатынас үшін алғыс хаттармен марапаттады.

Сондай-ақ, жиында есірткі бизнесіне қарсы күрес туралы да сөз болды. Жыл басынан Қазақстан-Ресей шекарасында есірткі заттарын тасымалдауға қатысты 13 контрабандалық іске тосқауыл қойылған. Отырыс соңында қос тарап келер жылға арналған қылмысқа қарсы іс-қимыл жоспарына қол қойып, тарқасты.

Айгерим Ержанова