МТРА жаңалықтары

“Болашақ” бөбекжай-балабақшасында көңілділер және тапқырлар байқауы өтті

Алмагүл Оразымбетова – “Болашақ” балабақшасының тәрбиешісі. Аталған мекемеде қазіргі күні 90-ға жуық бүлдіршін тәрбие алады. Оның құрамасы әзілкештер сайысына ұзақ уақыт дайындалған екен.

Алмагүл Оразымбетова – “Болашақ” бөбекжай – балабақшасының тәрбиешісі:

– Біз мықтап дайындалдық. Бүгін қомандамыз қазақ тілінде ертегілердің арнайы поппуриін және әндер, билер әзірледі. Жеңіске жетеміз деп ойлаймын.

“Болашақ жұлдыздары” атты бұл команданың қарсыластары “Ақкөгершін” балабақшасының құрамасы. Қос балабақша арасындағы ойын қызықты өтуде.

Баян Сағитова – “Болашақ” бөбекжай – балабақшасының қазақ тілі пәнінің мұғалімі:

– Мұнда тәрбиешілер мемлекеттік тілді қай деңгейде меңгеретінін, Отан туралы білімдерін, шығармашылық шеберліктерін көрсетеді. Педогог ұстаздар біздің іс-шараның құрметті қонақтары болады. Біздің тәрбиешілер жақсы дайындалды деп ойлаймын.

“25 жұлдызды күн” акциясының төртінші күні – мемлекеттік тілге арналған. Сол себепті бүгін тәрбиешілер “Мемлекеттік тілді қалай білесің?” тақырыбының төңірегінде әзілдесті.

Тогжан Акмагамбетова