МТРА жаңалықтары

СҚО-да “25 жұлдызды күн” акциясы жалғасуда

Ерқанат Еркінов, Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің студенті:

– Мен болашақта әскери азамат болғым келеді. Бүгінгі сабақтан көп тағылым алдық.

Сондай-ақ, бүгін мұнда шағын қару-жарақ көрмесі ұйымдастырылған. Айта кетейік, “Ер Отан” клубының мүшелері мұндай қаруды отыз секундтың ішінде шашып-жинайды екен.

Александр Криворучик, “Ер Отан” әскери-патриоттық клубының жетекшісі:

– Жиында балаларға ауған-тәжік шекарасындағы қақтығысқа қатысқан жерлес жауынгерлердің ерлігі жайында айтылды. Даңқты әскери адамдар жайында олар жақсы біледі. Клубтың құрылғанына 3 жыл болды. Мұндай шараларды жиі өткіземіз.

“Ер Отан” әскери патриоттық клубы бүгінгі отырысты Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнап, “25 жұлдызды күн” акциясының төңірегінде өткізді.

 

Акбопе Танирберген