Денсаулық сақтау

Петропавлда кезекті қоғамдың тыңдалым өтті

Қабдрахман Сақтағанов – СҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

– Мемлекет скринингтік тексерулерге қыруар қаржы бөледі. Бірақ соған қарамастан, азаматтар дәрігерлердің тегін бақылауынан бас тартып жатыр. Әсіресе, қымбат құрылығылардың көмегімен өткізілетін зерттеулерден. Оның ішінде эндоскопиялық зерттеу де бар. Жерлестеріміздің ден ауырғанда келерміз деп те айтып жатыр. Бұл жағдай өңіріміздегі онкологиялық және тағы да басқа аурулардың өршуіне әкеліп соқтыруда.

Ал келесі жауыр болған мәселе – медициналық кадрлардың жетіспеушілігі. Биыл облысымызға 80 жас маман келген. Оның 46-сы облыс орталығындағы медициналық мекемелерде еңбек етуде. Жалпы қазіргі уақытта өңірімізге 143 дәрігер қажет болса, соның 59-ы ауылдық жерлерге. Олардың ішінде негізінен педиатр, лор және акушер-гинеколог мамандарына сұраныс басым.

Светлана Кашенцева – №1 қалалық емхананың бас дәрігері:

– Шыныменде қазіргі кезде бізде дәрігерлер тапшы. Облысымызға келетін ақ халаттылардың дені жалпы тәжірибедегі дәрігерлер. Бірақ бізге тар көлемдегі мамандар жетіспейді. Мәселен, облыстық балалар ауруханасына 8, ал №1 қалалық емханаға 12 дәрігер қажет.

Сондай-ақ, жиында медициналық құрылғылардың тозуы да көтерілді. Бүгінде өңіріміздегі барлық емдеу мекемелеріндегі аппараттардың 42%-ы ескірген екен. Саланың материалдық-техникалық базасын жаңалауға биыл жергілікті бюджеттен 400 млн теңгеден астам қаражат бөлініп, біраз қондырғы алмастырылыпты. Бірақ, әлі де болса бұл бағыттағы жұмысқа қарқын қосу қажет дейді мамандар.

Қабдрахман Сақтағанов – СҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

– Бүгінгі таңда облысымыздағы медициналық мекемелердің 60-70% құрылғысы жаңартылған. Келер жылы бұл мақсатта 1 млрд 300 мың теңге қаражат бөлінеді деп күтілуде. Бұл сомаға біз 140 жаңа қондырғы мен 23 медициналық көлік алуды жоспарлап отырмыз.

Жалпы қоғамдық тыңдалымда 7 мәселе қаралды. Оның ішінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік пен облысымыздың 2016-2018 жылдарға арналған бюджеті туралы да талқыланды.

 

Айгерим Ержанова