Аптадағы маңызды жаңалықтар

Облыс әкімі Петропавлдағы құрылысы аяқталмаған нысандарды аралады

Ерік Сұлтанов, СҚО әкімі:

– Бұл өте керемет заманауи дүниелер, балалар үшін жақсы. Дәл осы алаң қаладағы ең үздігі болмақ. Осы қалыптан танбау керек.

Жобаның орындалу барысында автокөлік иелері де назардан тыс қалмапты. Үлкен жерасты паркингінен ендігі тиісті орын сатып алынып қойылған.

– Здесь 62 машины будут размещены – это неплохо.

– У нас на Маяковского будет еще одна стоянка.

– Хороший паркинг, хорошо выполнен.

Кейін Ерік Сұлтанов кәріздік тазартқыш, су тартқыш және су өткізгіш ғимартарының жаңғыртылуы барысымен танысты.
Қазір нысанда 70-тен артық адам жұмыспен қамтылған.

Бұл жұмыстарға қажетті құрылғылардың жартысы алдымыздағы айдың ортасында жеткізілмек. Ал, қалған бөлігі желтоқсанның соңына таман әкелінеді.

Ерик Султанов, аким СКО:

– Бізде нақты жоспарлар бар. Жыл соңына дейін бөлінген қаржыны толық игереміз, жұмыстарды атқарамыз.

Ал, мынау – “Севказэнерго” АҚ қызметкерлеріне арналған жатақхана. Компания 90 бөлмелі ғимаратты 250 млн теңгеге сатып алыпты. Мекеменің бас директоры Леонид Ларичевтың айтуынша, сыртқы коммуникация толығымен дайын. Қазір мұнда әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Келесі айда пайлануға беріледі деп жаспарлануда.

Акбопе Танирберген