Аптадағы маңызды жаңалықтар

“Ұлы дала елі – 25 жұлдызды сәт” жалпыхалықтық акция аясында 16 жасқа толған жасөспірімдер негізгі құжаттарын қолдарына алды

Марат Тасмағанбетов – Петропавл қаласының әкімі:

– Ұрпақтар сабақтастығын жалғастырып, елдің келешегі жастардың бойында Отансүйгіштік, ерлік қасиеттерін ояту аға буынның міндеті. Біз патриотизм сөзін құрғақ жалаң сөздермен айта бермей, мелекетіміздің лайықты азаматы екенімізді іс жүзінде дәлелдеуге тиістіміз. Біздің үлгілі, игі істерімізді көріп өскен әрбір жас “Мен Қазақстан Республикасының азаматымын!”-деген сөздің мағынасын терең түсініп, үнемі еңсесін тіктеп жүруі тиіс.

“Ұлы дала елі – 25 жұлдызды сәт” жалпыхалықтық акция аясында шаһар басшысы 16 жасқа толған жасөспірімдерге жеке куәлік табыстады.

Дархан Өмірзақ келесі жылы мектеп бітіреді. Жас азамат болашақта дәрігер атанып, денсаулық сақтау саласының дамуына үлесін қосқысы келетінін айтты.

Дархан Өмірзақ – С.Шаймерденов атындағы қалалық класссикалық гимназиясының 10-сынып оқушысы:

– Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі, мықты болсын елімнің керегесі. Тату-тәтті халқымызға бақ қонып, кетпесін туған жердің берекесі.

Негізгі құжатын алғаш қолына ұстаған жастарды ардагерлер ұйымының жетекшілері мен депутаттар құттықтап, ҚР-ның азаматтарына өмірде, оқуда және еңбек жолында сәттілік, ақ жол тіледі.

Сара Тасеменова – қалалық ардагерлер кеңсінің төрайымы:

– Осы күнді естеріңе сақтап, болашақта елдің, қазақ халқының рухын көтеріп, әрқашанда Елбасымыздың, еліміздің үмітін ақтайтын болаңдар.

Төлқұжат алған оқушылар осы күнен бастап өзідеріне үлкен жауапкершілік пен міндеттің артылғанын сезді. Оларе Ел үмітін ақтауға тырысамыз дейді.

Диас Арыстан -Әл-Фараби мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы:

– Мен ер азамат ретінде елімді қорғап, өзіме жүктелген азаматтық парызымды толығымен орындауға тырысамын.

Осы күні 8 оқушының әрбіреуіне негізгі құжаттан бөлек “Мәңгілік елдің жаршысы Қожаберген жырау” атты тарихи-танымдық жинақ табысталды.

Берік Қасен