МТРА жаңалықтары

Петропавлда “25 жұлдызды күн” акциясы аясында сыйлықтар табысталды

Қала әкімі Марат Тасмағанбетов балалармен әңгімелесіп, оқу үлгерімдері жайлы сұрастырып білді.

Марат Тасмағанбетов – Петропавл қаласының әкімі:

– Бүгінде сіздердің балалық шақтарыңыз бақытқа толы болу үшін мемлекетіміз барынша көмек көрсетуде. Өйткені сіздер, Тәуелсіз Қазақстанның болашағысыздар. Елімізді әлемге танытатын жастар, сіздерсіздер. Сондықтан, айтулы мереке қарсаңында Нұр Отан партиясының өкілдері сіздерді құттықтап , өз сыйлықтарын ала келді.

«25 жұлдызды күн» акциясы аясында отбасы үлгісіндегі балалар ауылының ұл-қыздарына музыкалық орталық, шаң сорғыш, электрлік ет өткізгіш және теледидар табысталды.

Жәмиля Медет – отбасы үлгісіндегі балалар ауылының тәрбиеленушісі:

– Бүгін бізге тәтті сыйлықтар да әкелді. Рахмет.

Балалардың ендігі арманы заманауи ұялы телефон алу. Бұл сыйлыққа мұндағы ұл-қыздар Жаңа жыл мерекесінде қол жеткізетіндеріне үмітті.

 

Айгерим Ержанова