МТРА жаңалықтары

Индустриялық даму және өнеркәсiптiк қауiпсiздiк комитетi СҚО бойынша департаментiнің жаңа басшысы тағайындалды

Еңбек жолын 1984 жылы Киiз аяқ киiм фабрикасында түзеушi болып бастаған. Екі мыңыншы жылдардың басында облыстық жастар ұйымдарының бiрлестiгi заңды тұлғалар бiрлестiгi әскери-патриоттық клубының үйлестiрушiсi болып қызмет еттi. 2014 жылы — Солтүстiк Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментiнiң Төтенше жағдайларды және өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi мемлекеттiк бақылау басқармасында бас маман, басқарма басшысы болды.

Осы тағайындауға дейiн Балтабек Жетпiсов Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгi Индустриялық даму және өнеркәсiптiк қауiпсiздiк комитетiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша департаментi басшысының орынбасары қызметiн атқарыпты.

Берік Қасен