МТРА жаңалықтары

Петропавлда «Қыс-2016» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өтті

Өкінішке орай, өртеніп жатқан көршілес жолаушылар вагонында 2 адам қалып қойған. Жедел жәрдем көлігі де келіп қалыпты. Дәрігерлер жапа шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетті.

Жанарбек Ахметов – Петропавл қаласының №1 өрт сөндіру бөлімінің бастығы:

– Жаттығу кезінде жолаушылар вагонының ішінен 2 адамды құтқарып алып шығып, өртті сөндірдік. Өрт сөндіру үшін бізге 2 жоспар берілген болатын, оны жақсылап жасадық. Жыл сайын осындай оқу-жаттығулар болып тұрады. Біздің өрт сөндірушелр осындай жұмыстарға әрдайым дайын. Бүгін мынау жаттығуда 19 адам қатысты. 4 дана техника болды.

Қызыл жалын жойылғаннан кейін, радиациялық және химиялық барлау қызметінің өкілдері келіп, арнайы құралдарымен бұл аумақтағы радиация және улы заттардың мөлшерін тексерді.

Экологтар болса төгілген мұнайдың қоршаған ортаға тигізер зиянына сараптама жасады. Ал, жаттығу соныңда темір жол вокзалының бригадасы апат орнын қалыпқа келтірді.

Болатжан Асқарбеков – СҚО ТЖД бөлім бастығы:

– Бұл командалық-штабтық оқу жаттығуларына өрт сөндірушілері, тәртіп сақшылары, жедел медициналық қызмет көрсету орталығының қызметкерлері, экология департаментінің мамандары, темір жол вокзалы бригадасының өкілдері жұмылдырылған. Бұдан біз қауырт жағдайда жедел-құтқару жасақтарының әрекет етуін байқаймыз.

Есік қақпай келетін табиғи және техногендік апат орнына дереу жету жақсылап сайлануды қажет етеді. Осы ретте мамандар қауырт маусымда төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған жұмыстарға дайындықтарын пысықтады. Жалпы бүгінгі шараға 10-нан астам техника мен 70-тен астам адам қатысты.

Тогжан Акмагамбетова