Құқық қорғау органдары

СҚО ІІД студенттерге экскурсия өткізді

Шара Халықаралық студенттер күніне орайластырылған. Осылайша, болашақ заңгерлер мен экономистер Солтүстік Қазақстан полициясының қалыптасыуы мен құрылуы жайлы ақпарат алды.
Жауынгерлердің кезінде соғысқа асынған қаруларының түр-түрі жинақталған мұражай жастардың ерекше қызығушылығын тудырды. Сондай-ақ, бұл күні студенттер салты атты полиция взводы мен кинологиялық орталықтағы қызметтік-іздеу иттерінің жұмысымен де танысты.

Руслан Тәсімов, СҚО ІІД кадрлық жұмыс басқармасы бастығының орынбасары:

 

– Бұл шараны екінші күн өткізіп отырмыз. Кеше М.Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжінің студенттері келсе, бүгін Петропавл құрылыс колледжінің жастарын қабылдаудамыз. Бұл шара қарашаның 28-іне дейін жалғасады.

Акбопе Танирберген