МТРА жаңалықтары

Алдағы демалыс күндері ауа райы -40 градусқа дейін суытады

Синоптиктердің болжауынша алдағы демалыс күндері облыста ауа райы күрт суытып, температура -40қа дейін төмендейді. Сол себепті өз қауіпсіздіктері үшін солтүстікқазақстандықтарға сенбі және жексенбі күндеріне қала сыртына жоспарланған сапарларын кейінге қалдыруға тура келеді. Ал мектеп оқушылары болса сабаққа бармай, үйде отырулары керек. Жылы күн райы өңірде тек келесі аптада орнайды. Қарашаның 20-нан кейін ауа температурасы -5-7 градусқа дейін төмендеп, қар жауады деп күтілуде.

Айгерим Ержанова