МТРА жаңалықтары

Петропавлдық мектеп оқушыларына мұражайда экскурсиялық сабақ өткізілді

Тарихи оқиғалар мен еліміздің дамуына үлес қосқан тұлғалардың өміріне шолу жасады. Жалпы, “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешенінде жастар үшін тәрбиелік мәні зор мұндай іс-шаралар жиі өтеді екен.

Назгүл Бейсембина – “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешенінің экскурсия жүргізушісі:

– Менің елім, менің – Қазақстаным атты мұражай сабақтың басты мақсаты – балаларды өз елім, жерін сүюге баулы. Оларға тәрбие беру. Мұндай шаралар жиі өтеді. Тұңғыш Президент күніне арнапта осындай жиындар ұйымдастырылады.

Кейін, кезек интелектуалды ойынға келді. Оқушылар екі топқа бөлініп елімізде тойланатын мерекелер жайлы қойылған сұрақтарға жауап берді.

Тағы, оқушылар үшін мұражай ішінде ұйымдастырылған экскурсияда қызықты болды. Олар мұндағы 4 залды аралап, құнды жәдігерлермен танысты.

Тамирис Макишева – С.Шәймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияның 4-сынып оқушысы:

– Маған бүгінгі сабақ өте ұнады. Мұғалім бізге барлығын түсіндіруде. Мен үшін мұражай ішін аралау қызықты болды.

Бұл шара Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналды. Алдағы уақытта мұндай жиындар облыс орталығындағы білім беру ошақтарында ұйымдастырылмақ.

Култанов Байболат