Ауыл шаруашылығы

Қызылжар ауданында фермерлердің дәстүрлі жиналысы өтті

Онда бүгін орын алып отырған олқылықтар ескеріліп, жайылымдарды тиімді басқару тетіктері қамтылған. Қазақстанның солтүстік өңірінде жайылымдық жерлердің 70 пайызы кезінде кездейсоқ адамдардың жеке иелігіне өтіп кеткен. Ал олар болса ойларына келгенін істеп сол алқаптарға жылда дәнді дақылдар себетін көрінеді. Осындай жерді тиімсіз пайдалану салдарынан отандық мал шаруашылығы үлкен залал көруде дейді мамандар. Ол жайлымдық жерлер қазір ауылдық округ әкімдіктеріне қайтарылуда.

Нияз Ыбыраев – “Қазақстан фермерлер одағы” РҚҰ СҚОФ төрағасы:

– Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер шетелдіктерге 25 жылға емес, бұрынғыдай 10 жылға жалға беріледі.

Өңірімізде егін жинау науқаны аяқталды. Енді ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің алдында өзге де үлкен тапсырмалар мен міндеттер бар. Айталық, олар жылқы, қой, сиыр сынды малдардың басын көбейтіп, жергілікті халықты жыл 12 ай тұрақты жұмыспен қамтуы тиіс. Осы бағытта мемлекет қаржылай қолдау көрсетуде.

Ерғали Ғабдулин – “Большемалышенское” ЖШС директоры, Қызылжар ауданы:


– Біздің кәсіпорын дәнді дақылдарды егумен бірге мал шаруашылығын алып жүр. Биыл “Ырыс” бағдарламасы аясында Ресейден сүтті бағыттағы асыл тұқымды 100 бас сиыр сатып алдық. Сүт-тауарлық фермасын құрдық. Келесі жылдың басынан бастап алғашқы төлдерін аламыз. Өнімді Петропавл қаласындағы сүт өңдеу зауыттарына тапсырамыз.

Сатыбалды Жұмағатов – Қазақстан фермерлері одағы төрағасының орынбасары:

– Қорасында мал ұстайтын тұрғындар мен ұсақ шаруашылықтар үшін жағымды жаңалық бар. 2017 жылдан бастап мемлекеттік бағдарлама аясында сатып алынған малдың басына субсидия төленуі мүмкін. Ұсыныс қазір Сенат депутаттарының қарауында жатыр.

Осындай жиындар алдағы күндері Ғ Мүсірепов, Шал акын, Тимирязев, Мамлютка және Аққайың аудандарының орталықтарында ұйымдастырылады.

Берік Қасен