Спорт

“Құлагер” ХК “Номад” құрамасынан жеңіліс тапты

Тартысты өткен матчта қос команда ойыншылары алғашқы екі периодта бір-бірінің қақпасына шайба сала алмай тарқасты. Ал шешуші үшінші кезеңде астаналықтардың айы оңынан туды. Ең әуелі Дмитрий Преснов Андрей Янковты қапыда қалдырса, кейін командалық әріптесі Кирилл Савицкий есепті еселей түсті. Қорытынды есеп – 2-0, “Номад” командасының пайдасына шешілді. 21 ойын өткізген петропавлдық ұжым дәл қазір 28 ұпаймен турнирлік кестеде 8-ші орында тұр. Ал қос команда арасындағы қарымта кездесу қарашаның 16-ы күні “Барыс Аренада” сағат 14-00-де өтеді.

 

Риат Шони